Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар қорытындыланды

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар қорытындыланды

21.10.2025 12:00:47 149

Министрліктің ведомстволары, құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары және аумақтық әділет органдары Министрліктің Аппарат басшысы бекіткен ұлы ақын, ойшыл А.Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыруда  мәдени іс-шаралар, әдеби кештер және семинарлар өткізді. Атап өтсек, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен, әндерінен челлендж ұйымдастырылса, «Абай шығармашылығы күні» деп белгіленіп, жұмыста жұма күндері ұлттық киім кию дәстүрге айналды.

Абайдың әдеби мұрасын дәріптеп, классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылықтарын арттырып және Абай шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттаған Министрліктің ведомстволары, құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары және аумақтық әділет органдары Қазақстан Республикасы Әділет министрінің Грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды:

Ведомстволар бойынша:

1-орын Зияткерлік меншік құқығы комитеті;

2-орын Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті.

Құрылымдық бөлімшелер бойынша:

1-орын Қоғамдық тәртіп саласындағы заңнама департаменті;

2-орын Қоғамдық даму саласындағы заңнама департаменті;

3-орын Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаменті.

Ведомстволық бағынысты ұйымдар бойынша:

1-орын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ШЖҚ РМК;

2-орын «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК;

3-орын «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК. 

Аумақтық әділет органдары бойынша:

1-орын Абай облысының Әділет департаменті;

2-орын Түркістан  облысының Әділет департаменті;

3-орын Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1090083?lang=kk