Мал шаруашылығы – өңірдің негізгі тірегі
21.10.2025 12:00:49 133
Аймақта ірі қара саны 621,5 мың басқа, ұсақ мал 2,68 миллионға, ал құс саны 9,29 миллион басқа жетті. 9 айда 192,8 мың тонна ет өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға артты.
Қазіргі уақытта облыста 56 тауарлы сүт фермасы және 57 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Сондай-ақ жаңа кешендердің құрылысы жалғасуда.
«Мал шаруашылығы – өңір экономикасының басты саласы. Біз фермерлерді субсидиялау және жаңа өндіріс алаңдарын ашу арқылы қолдауды жалғастырып келеміз», — деді Ғалым Тоқпейісов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1090077?lang=kk