Алматылық аймақтық көпсалалы клиникада сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтті

Алматылық аймақтық көпсалалы клиникада сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтті

21.10.2025 14:31:47 72

2025 жылғы 18 қазанда Алматы аймақтық көпсалалы  клиникада сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес жөніндегі айлық аясында Ашық есік күні өткізілді. Іс-шараның мақсаты – халықты онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте кезеңде анықтаудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру.

Акция аясында 42 пациентке мамандар кеңес берді. Тексеру нәтижелері бойынша:

•3 адамнан сүт безі қатерлі ісігі анықталды,

•6 адамнан обыр алды жағдайлар тіркелді.

Сондай-ақ, 53 диагностикалық зерттеу жүргізілді, оның ішінде ультрадыбыстық зерттеу және маммография бар.

Мұндай іс-шаралар онкологиялық аурулармен күресте маңызды рөл атқарады, себебі олар ауруды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді – бұл кезеңде емдеу тиімділігі жоғары. Клиниктің медицина қызметкерлері әйелдердің тұрақты тексеруден өтіп тұруы және қатерлі ісікке әкелетін қауіп факторлары туралы хабардар болуы – денсаулық пен өмірді сақтаудың басты кепілі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1090195?lang=kk