«Amanat» партиясы филиалында қала әкімінің қабылдауы
21.10.2025 17:21:28 117
20 қазанда «Amanat» партиясының қалалық филиалында қала әкімінің кезекті азаматтарды қабылдауы өтті.
Қабылдаулар халықтың проблемалық мәселелерін жедел шешу, сондай-ақ жергілікті билік органдары мен қала тұрғындары арасындағы кері байланысты нығайту мақсатында тұрақты негізде жүргізіледі.
Кездесуде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, әлеуметтік қолдау және көлікпен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты өтініштер қаралды. Азаматтардың барлық өтініштері жұмысқа қабылданды.
Әрбір мәселе бойынша тиісті органдарға әрі қарай қарау және қажетті шаралар қабылдау үшін тиісті түсіндірмелер мен тапсырмалар берілді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1090351?lang=kk