Қайырбеков көшесіндегі жерасты өткелі толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді

Қайырбеков көшесіндегі жерасты өткелі толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді

21.10.2025 18:01:59 184

Қостанайда барлығы үш жерасты өткелі бар. Солардың ішінде бұл өткел – толық жаңартылған алғашқысы.

Мердігер ұйым – «БАСТИОН құрылыс фирмасы» ЖШС жұмыстарды екі ай ішінде сапалы әрі ескертусіз орындады.

Өткелдің қауіпсіз әрі қолайлы болуы үшін барлық жағдай жасалған: мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустар, жаңа жарықтандыру, бейнебақылау, түтіннен қорғау жүйесі, гранитпен қаптау және поликарбонат панельдерден жасалған кіреберіс аркалар орнатылды.

Бұл нысан ең алдымен тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігі үшін маңызды, себебі маңайда екі мектеп орналасқан.

Өткелге жапсарлас жерде бизнес нысаны – дәріхана бар. Кәсіпкер ай соңына дейін ғимараттың қасбетін жөндеп, оны тәртіпке келтіреді. Нәтижесінде нысан жаңартылған өткелмен бірыңғай келбетке ие болады.

Сондай-ақ «Солнечный» дүкенінің жанындағы аумақ қаралды. Келесі жылы мұнда автотұрақты жөндеу, сыртқы инженерлік желілер мен қасбеттерді, соның ішінде супермаркеттің өзін де ретке келтіру жоспарлануда. Нәтижесінде бұл аумақта біртұтас сәулеттік келбет қалыптасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1090450?lang=kk