Қазақстан мен БАӘ консулдық әріптестікті нығайтуда

Қазақстан мен БАӘ консулдық әріптестікті нығайтуда

22.10.2025 10:41:07 184

Абу Даби, 2025 жылғы 21 қазан – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек БАӘ Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Рашид Рахмамен кездесу өткізді.

Тараптар консулдық ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау және төтенше жағдайларда өзара әрекеттесу мәселелерін талқылады.

Қазақ дипломаты БАӘ-нің консулдық қызметтерді цифрландыру саласындағы жетістіктеріне тоқталып, олардың тиімділігі мен жаңашылдығын ерекше атап өтті.

Р.Рахма Әмірліктер тарапының Қазақстанмен өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екенін растап, екіжақты қатынастардың қазіргі деңгейін оң бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамаларды іске асыру мақсатында жуық арада консулдық консультациялар өткізу жөнінде уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1090714?lang=kk