Курчатов қаласының әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді
22.10.2025 18:42:18 137
Курчатов қаласының әдеп жөніндегі уәкілі Бауыржан Тұрарбекұлы Дюсенбаев қала әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру және оны қолдау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға әуестенудің алдын алу мәселелері қарастырылды.
Бауыржан Тұрарбекұлы әрбір мемлекеттік қызметші өз мінез-құлқы және жұмысына деген жауапкершілігі арқылы азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуы тиіс екенін, сонымен қатар жоғары мәдениет, адалдық және жауапкершілік танытуы қажет екенін атап өтті.
Кездесу соңында әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлерді адалдық пен тәртіп қағидаттарын ұстануға шақырып, мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесін қалыптастыруда жеке үлгінің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1091307?lang=kk