Брюссельдегі концерт Қазақстан мен Бельгия достығының символына айналды
23.10.2025 08:01:16 148
Брюссель, 2025 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараға Бельгияда тұратын отандастар, қазақстандық студенттер, Қазақстаннан асырап алынған балалар мен олардың бельгиялық отбасылары, сондай-ақ Dimash Dears Belgium фан-клубының өкілдері қатысты.
Құттықтау сөзінде Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко бұл мерекенің елдің жаңару рухын және болашағына деген сенімін білдіретінін атап өтті.
Елші сондай-ақ биыл Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің 10 жылдығы атап өтілетінін еске салып, осы құжаттың стратегиялық байланыстарды нығайту және гуманитарлық қатынастарды кеңейту үшін маңыздылығын ерекше атап өтті:
«Біз серіктестікті тек экономика мен саясат салаларында ғана емес, білім, ғылым және мәдениет салаларында да дамытып келеміз. Бельгиядағы қазақстандық студенттердің осы үдеріске белсенді үлес қосып отырғаны қуантады», – деді Р. Василенко.
Қазақстандық музыканттардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламада 2025 жылы мерейтойлары аталып өтілетін Абай Құнанбайұлы, Нұрғиса Тілендиев және Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалды.
Кеш соңында Елші орындаушыларға, сондай-ақ студенттік қауымдастық пен мәдени бірлестіктердің белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табыстады.
Шара Қазақстан мен Бельгия арасындағы достықтың жылы символына айналып, тарихи отанынан жырақта жүрсе де оған деген сүйіспеншілігін сақтап жүрген жандарды біріктіріп, екі ел халқы арасындағы гуманитарлық байланыстар мен мәдени диалогты нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1091389?lang=kk