Қазақстандық скрипач Мексикадағы Плано симфониялық оркестрінің концертмейстері ретінде өнер көрсетті

Қазақстандық скрипач Мексикадағы Плано симфониялық оркестрінің концертмейстері ретінде өнер көрсетті

23.10.2025 08:01:19 151

2025 жылғы 21 қазанда Мехико қаласындағы Ұлттық консерваториясында маңызды музыкалық шара өтті. Атақты мексикалық дирижер әрі музыкалық директор Гектор Гусманның кәсіби қызметінің 42 жылдығына орай Солтүстік Американың ең беделді оркестрлерінің бірі — Техас штатындағы (АҚШ) Плано симфониялық оркестрі өнер көрсетті.

 

Концерт бағдарламасында Петр Чайковский мен Эдвард Григтің классикалық шығармалары орындалды. Оркестрдің концертмейстері ретінде өнер көрсеткен қазақстандық скрипач, еліміздің еңбек сіңірген мәдениет вқайраткері Ордабек Дүйсеннің қатысуы қойылымның маңызды бөлігіне айналды.

 

Концертте Мексикадан келген көптеген классикалық музыка сүйер қауым және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Қазақстандық диаспора да талантты отандасын қолдау және оның шеберлі орындауынан ләззат алу мақсатында жиналды. Концерттен кейін Ордабек Дүйсенге көптеп жылы лебіздер айтылып, қонақтармен фотосессияға қатысты.

 

Концертке келіп, музыкантымызды қолдаған барлық қонақтарға алғыс білдіреміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-mexico/press/news/details/1091387?lang=kk