Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Ашық есік күні» өткізілді
23.10.2025 11:42:43 110
Ескелді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің ережелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтар мен кәсіпкерлер үшін ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, онда басқарма мамандары салық заңнамасындағы алдағы өзгерістердің негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді.
Кездесу барысында қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығы бөлігіндегі негізгі жаңалықтарға ерекше назар аударылды.
Кәсіпкерлерге салықтық әкімшілендіруді жеңілдету шаралары, шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке түсетін әкімшілік жүктемені азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру бағытындағы қадамдар туралы ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1091625?lang=kk