«Ана тілім – айбыным!» байқауында №74 мекеме қызметкері жүлделі орын иеленді

«Ана тілім – айбыным!» байқауында №74 мекеме қызметкері жүлделі орын иеленді

23.10.2025 14:01:14 162

2025 жылғы 20 қазанда Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Ана тілім – АЙБЫНЫМ!» атты облыстық байқау өткізілді.

 

Байқауға 9 үміткер жолдама алғанымен, денсаулық жағдайына байланысты 2 қатысушы қатыса алмады. Дегенмен, қалған 7 үміткер үш кезең бойынша сынға түсіп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Кезеңдер: 

  1. «Таныстыру»
  2. «Елтаным» (сұрақ-жауап)
  3. «Өнерліге – өріс кең»

 

Аталған шарада №74 мекеме атынан қатысқан режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержант Серік Асхат Сағынбайұлы жүлделі III орын иеленіп, ұжым абыройын асқақтатты.

 

Мұндай байқаулар – күштік құрылым қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді насихаттап, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды құралы болып табылады. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1091748?lang=kk