ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ – ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕТІГІ
23.10.2025 15:39:30 157
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің инвестициялық саясатын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті. Мемлекеттік инвестициялар мен жеке бизнестің бастамаларына бірдей назар аудару – экономикалық өсудің басты шарты.
Мемлекет басшысы ірі инвесторлармен қатар, орта және шағын бизнес өкілдерімен де тығыз байланыс орнату қажеттігін айтты. Бұл – нақты мақсаттар мен экономикалық қажеттіліктерді айқындауға, өндіріс саласындағы сұранысты нақтылауға мүмкіндік береді. «Инвестицияға тапсырыс» ұғымы нақты өндірістік қажеттілікке сай қалыптасуы тиіс. Президенттің айтуынша, ел экономикасын дамыту үшін инвестициялық саясат нақты, мақсатты және теңгерімді болуы қажет. Бұл бағытта мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы банк секторы мен қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесіне де тоқталды. Ұлттық банк пен Үкімет банктердің қаржысын нақты экономиканы дамытуға бағыттаудың тиімді жолдарын табуы тиіс. Бұл мәселені кейінге қалдыруға болмайды – шұғыл шешім қабылдау қажет.
Президент банктер туралы жаңа заң қабылдау керектігін айтты. Ол заң экономиканың қазіргі сұранысына, технологиялық өзгерістерге сай болуы тиіс. Құжатта бәсекені күшейту, жаңа қаржы ұйымдарының нарыққа енуі, қаржы жүйесінің цифрлануы мен жаңғыруы, сондай-ақ цифрлық активтерді реттеу мәселелері ескерілуі қажет. Мемлекет басшысының бұл бастамалары Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жаңа инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады.
#ПрезидентЖолдауы #ЭкономикалықДаму #Жолдау2025 #ҚаржыЖүйесі