СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

23.10.2025 16:21:28 174

Республика күні мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінде салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға департамент қызметкерлері мен олардың отбасылары, ҚАЖ ардагерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардың өкілдері қатысты. Патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында шараға қаладағы жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері де шақырылды.

Салтанатты жиында 50-ден астам адам марапатталды. Министрдің, ішкі істер Министрінің орынбасары – ҚАЖ комитеті төрағасының және департамент бастығының бұйрықтарымен қызметкерлерге грамоталар, төсбелгілер және алғыс хаттар табыс етілді. Үздік қызметкерлердің ата-аналарына балаларының абыройлы тәрбиесі үшін алғыс білдірілді, ал ҚАЖ ардагерлеріне естелік медальдар табысталды.

Сөз сөйлеген департамент бастығы, әділет полковнигі Мұрат Нәкенов қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің құқықтық тәртіпті, заңдылық пен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ ол Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің, Қазақстан халқының даму мен өркендеуге деген ұмтылысының нышаны екенін ерекше айтты.

Іс-шара соңында Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әртістері мерекелік концерт қойып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен Отанға деген мақтаныш сезімін сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1091919?lang=kk