АИТВ-сыз әлемде өмір сүру – әркімнің таңдауы!
23.10.2025 17:40:57 1612025 жылдың 22 қазан күні Алматы облысы Қарасай ауданының жалпы білім беретін мектептерінде Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 2-тарауы, 1-тармағы – «АИТВ инфекциясының профилактикасы мәселелерін білім беру жүйесіне және жұмыс орындарына интеграциялау» аясында «Жастар – денсаулық пен АИТВ-сыз болашақ үшін!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының және Қарасай клиникалық көпбейінді аудандық ауруханасының ұйымдастыруымен өтті.
Іс-шараның мақсаты – педагогтардың АИТВ инфекциясының алдын алу, репродуктивті денсаулықты сақтау және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі білім деңгейін арттыру болды.
Дөңгелек үстел жұмысына биология пәні мұғалімдері, мектеп директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен мектеп мейірбикелері қатысты. Барлығы – 70 қатысушы.
Іс-шара барысында бірнеше дәрігер баяндама жасады. Атап айтқанда «Жастар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында – Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиологы А. Сұлтанова. «Ерте жүктіліктің алдын алу» – Қарасай клиникалық көпбейінді аудандық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері А. Өтепбергенова. «Ер балалардың репродуктивті денсаулығын сақтау» – уролог дәрігер Е. Абуов. «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу» – дерматовенеролог дәрігер Т. Кузьмина. «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында – психолог С. Сұлтанғалиева.
Қатысушылар мұндай кездесулердің педагогтардың АИТВ инфекциясының алдын алу саласындағы білімін кеңейтуге және жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1092052?lang=kk