Бразилияда Республика күні мерекелік велошерумен атап өтілді
24.10.2025 08:02:39 122
Бразилиа, 2025 жылғы 23 қазан. Ұлттық мейрам -Республика күніне және Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастар орнауының 32 жылдығына орай, Бразилия астанасының орталық саябағында достық әрі отбасылық сипаттағы велошеру ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға елдің сыртқы саяси ведомствосы мен Бразилияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері, “Қазақстан-Бразилия” достық қоғамының мүшелері мен бразилиялық БАҚ тілшілері қатысты.
Бразилиялық достар, Қазақстанның басты мейрамымен Елші және Елшілік ұжымын риясыз құттықтай отырып, елімізге ізгі тілектерін білдірді. Олар, мұндай бейформалды іс-шаралар екі ел халықтарын барынша жақындастырып, жаңа достық байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін атап өтті. Дәстүр бойынша бразилиялық қонақтарға қазақтың ұлттық нақыштағы тағамдарымен безендендірілген мерекелік дастарханы ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1092206?lang=kk