Қазанның 23-і күні аудандық Мәдениет үйінде Республика күніне арналған мерекелік шара өтті.
24.10.2025 08:02:45 124
Дәстүрге сай аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің басты құндылықтары — бірлік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығын атап өтті.
Әр түрлі сала қызметкерлері аудан әкімі атынан алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мерекелік концертте ауданның үздік шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары өнер көрсетті. Сахнада патриоттық әндер шырқалып, би ансамбльдері өз өнерлерін көрсетті. Көрермендер мерекелік көңіл-күй мен елге деген сүйіспеншілік сезіміне бөленді.
Бұл күн – тәуелсіз елімізге деген мақтаныш пен сүйіспеншіліктің тағы бір айғағы болды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1092193?lang=kk