Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді еліміздің ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтаймын!
24.10.2025 10:21:19 105
Бұл мереке — халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің, жасампаз рухының айғағы.
Биыл біз Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуын атап өтеміз. Бұл тарихи құжат еліміздің дербес даму жолын айқындап, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалады. Ол еркіндікке, теңдікке және өркендеуге деген ұмтылысты айқын көрсеткен маңызды кезең болды.
Бүгінгі таңда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жетекшілігімен Қазақстан әділетті мемлекет құру, қоғамды жаңарту және азаматтардың өмір сапасын арттыру бағытында ауқымды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл өзгерістер әр өңірде өз жемісін беріп, елдің тұрақтылығы мен дамуының берік тірегіне айналуда.
Біздің аудан да ортақ іске өз үлесін қосып келеді. Экономика нығайып, әлеуметтік инфрақұрылым дамып, халықтың тұрмыс сапасы артуда. Мұның бәрі – тұрғындарымыздың еңбегі мен елжандылығының, туған жерге деген сүйіспеншілігінің нәтижесі.
Құрметті жерлестер! Бұл мереке әрқайсымыздың жүрегімізді Отанға деген мақтаныш сезіміне бөлеп, жаңа жетістіктерге шабыт берсін!
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, отбасыларыңызға береке мен бақ-дәулет, еңбектеріңізге жеміс, туған ауданымыз бен сүйікті Қазақстанымыздың игілігі жолындағы істеріңізге табыс тілеймін!
Аудан әкімі Қ. Мыржақыпов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1092344?lang=kk