Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы У.Умирзактың Қазақстан Республикасы күнімен құттықтауы.
24.10.2025 12:02:02 101
Құрметті әріптестер!
Сіздерді ұлттық мерекеміз – Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан – еліміздің тарихындағы айрықша маңызы бар күн. Бұл – Қазақстанның егемендік жолындағы батыл қадамын паш еткен, халқымыздың азаттық пен тәуелсіздікке деген ұмтылысын айқындаған тарихи оқиға. Бұл күн біздің мемлекеттілігіміздің іргетасы қаланып, ұлттық рухымыз жаңғырған сәтті бейнелейді.
Бүгінгі таңда біздің Департамент ұжымы жалпымемлекеттік мақсаттарды іске асыруға және еліміздің гүлденуіне өз үлесін қосуда. Сіздердің жоғары мәдениетті, жауапты және адал қызметтеріңіз мемлекеттік аппараттың беделін нығайтудың және азаматтардың сенімін арттырудың басты көрсеткіші болып табылады. Біздің жетістіктеріміз – әрқайсыңыздың кәсіби біліктіліктеріңіздің, бірліктеріңіздің және еңбекқорлықтарыңыздың жемісі.
Осы мереке күні Сіздердің отбасыларыңызға амандық, бақыт, молшылық және береке тілеймін. Мемлекеттік қызмет жолындағы бастамаларыңыз әрқашан сәтті болып, еңбектеріңіз жемісін берсін!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен, У. Умирзаков
Жетісу облысы бойынша МКД басшысы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1092523?lang=kk