Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!
24.10.2025 15:11:57 91
Қазақстан Республикасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Сіздерді жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты қаржы журналистикасының онлайн-мектебі семинарына қатысуға шақырады. Іс-шара зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақпарат таратуға және оқытуға бағытталған. 2025 жылғы 20 қарашада (бейсенбі) орыс тілінде және 2025 жылғы 21 қарашада (жұма) қазақ тілінде офлайн және онлайн форматта өтеді.
Қор сарапшылары әлемдегі зейнетақы жүйелерінің негізгі түсініктері мен түрлері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері, Қазақстандағы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі туралы әңгімелейді. Семинар барысында сіздер зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы тақырыбымен танысасыздар, атап айтқанда - зейнетақы активтері қайда және қалай инвестицияланатыны туралы. Сабақ барысында зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру және инвестициялық портфельді басқарушыны қалай дұрыс таңдау керектігі туралы да толыққанды мәлімет ала аласыздар.
Сіздерге жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кәсіби мамандарынан бастапқы көзден алынған материалдарды қолдана отырып, ЖЗЖ туралы қызықты материалды қалай дайындауға болатыны туралы ақпарат алудың таптырмас мүмкіндігі беріледі. Біздің мамандар БЖЗҚ-ға, ҚРҰБ-қа, ЕХӘҚМ-ге, ҚНРДА-ға қандай сауалдармен жүгінуге болатынын және Қордың сайтынан немесе Youtube арнасынан жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпаратты өз бетінше қалай алу керектігін түсіндіреді.
Өтетін орны: офлайн – Алматы қ., Самал-2 ықш/ауд., онлайн - Cisco WebEx вебинар платформасы
Спикерлер: БЖЗҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары
Өткізу уақыты: 20 қараша - орыс тілінде және 21 қараша - қазақ тілінде сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.
Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Онда өзі туралы төмендегі ақпараттар қамтылуы тиіс:
ТАӘ,
БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы,
қатысу күні,
қатысу форматы (офлайн/онлайн),
электрондық пошта мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен іс-шара туралы хабарлама жіберу үшін).
Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.
* Толық бағдарлама осы хаттың қосымшасында берілген.
Байланысуға болатын тұлға:
Тимиряз Есембеков, Жұртшылықпен байланыс департаменті директорының орынбасары,
БАҚ-пен байланыс басқармасының бастығы
8 (727) 331-66-99 ішкі 5276, ұялы 8 701 710 0734
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1092701?lang=kk