Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының 35 жылдығына орай мемлекеттік наградамен марапатталды
24.10.2025 15:32:13 61
Республика күнін мерекелеу қарсаңында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Жетісу облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнің басшысы Қайратбек Жақманұлы Әлиев және Комитеттің басқарма басшысы Жанар Әбдірәсілқызы Қалиева «Ерең еңбегі үшін» медалі мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Марапаттар көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан зор үлесі үшін табысталды.
Басшылық марапатталған қызметкерлерді құттықтап, өз ісіне адалдығы мен жауапкершілігі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ олардың жетістіктері Отан мен қоғамға қызмет етудің жарқын үлгісі екені атап өтілді.
Қазақстан Республикасы күні-еліміздің барлық азаматтарының отансүйгіштігінің, бірлігі мен жасампаз еңбегінің символы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gosreestr/press/news/details/1092777?lang=kk