25 қазан – Республика күні

25 қазан – Республика күні

24.10.2025 15:42:13 58

Республика күні қарсаңында Алтай ауданының мемлекеттік қызметшілері Шығыс Қазақстан облысының әкімі Сақтағанов Н.А. мен облыс әкімі аппаратының басшысы Текешев Е.Х. алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапаттар адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, бастамашылдығы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін табысталды.
Алғыс хаттар қызметкерлердің күнделікті еңбегі арқылы мемлекеттік қызметті нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға қосқан еңбектерінің мойындалуы болды.
Мемлекеттік қызметшілерге өз ісіне адалдығы, жауапкершілігі және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірдім.
Ауданның жетістіктері әрбір қызметкердің үйлесімді әрі кәсіби жұмысына тікелей байланысты екенін атап өтіп, марапатталғандарға табыс, мықты денсаулық және туған өлкенің әрі бүкіл Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тіледім.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altay-chapaev/press/news/details/1092793?lang=kk