Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті
24.10.2025 16:52:26 102
2025 жылғы 24 қазанда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысында күн тәртібі бойынша Ново-Хайрузовка ауылдық округін абаттандыру және санитарлық жай-күйі бойынша жұмыстардың іске асырылу барысы туралы мәселе қаралды.
Күн тәртібі бойынша екінші мәселе аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы мәслихат сессиясының қарауына жіберілді.
Отырысқа комиссия төрағасы Д. Веригин, комиссия мүшесі Т. Камбаров қатысты.
Ново-Хайрузовка ауылдық округінің әкімі Р.Нурмолдин 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселе саралап қаралып, талқылаудың нәтижесінде тиісті қаулы қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1092922?lang=kk