Семейде Абай музей-қорығының 85 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Семейде Абай музей-қорығының 85 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

24.10.2025 17:21:41 67

Семейде «Заманауи музейтану: цифрландыру, қолжетімділік және тұрақты даму» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Абайдың «Жидебай–Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының 85 жылдық мерейтойына арналды.

Осы орайда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей ұжымына арнап құттықтау хат жолдады. Министр хатында музей-қорық – Абай Құнанбайұлының мәңгілік мұрасын зерделеп, ұлы ойшылдың даналық ілімін ұрпақ санасына сіңіруге өлшеусіз үлес қосып отырған іргелі мәдени орталықтардың бірі әрі бірегейі екенін атап өтті.

Конференция жұмысына музей ісі мен мәдени мұра саласындағы жетекші мамандар, ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ шетелден әріптестер қатысты. Қатысушылар музей ісінің заманауи талаптары мен негізгі бағыттарын талқылап, цифрлық технологияларды енгізу, қорларды сақтау мен жүйелеу, экспозициялық қызмет, музейлік педагогика және музей негізіндегі креативті индустрияны дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Пленарлық отырыста заманауи музейтанудың теориялық және практикалық қырларын қамтитын мазмұнды баяндамалар ұсынылды.

Халықаралық конференция музейлер мен ғылыми және білім беру мекемелері арасындағы кәсіби әріптестікті нығайтуға, тәжірибе алмасуға және мазмұнды пікір алмасуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1093004?lang=kk