Республика күнімен құттықтау
24.10.2025 17:21:45 97
Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының ең маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн - тәуелсіз еліміздің тарихындағы тағдырлы сәтті, мемлекетіміздің негізі қаланған күнді айқындайтын мереке. Республика күні - халқымыздың бірлігі мен ел болашағына деген сенімінің символы.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Егемен еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында бірлесе еңбек етіп, ортақ мақсаттарға жете берейік!
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1093041?lang=kk