24 қазанда Қазақстанда кітапханашы күні атап өтіледі

24 қазанда Қазақстанда кітапханашы күні атап өтіледі

24.10.2025 18:32:39 147

Бүгін арнайы, оқу және көркем әдебиеттің үлкен қорында жол сілтеп, тақырыптық іс-шараларды өткізуге, курсанттар мен әскери қызметшілердің білім алуына және бос уақытын тиімді ұйымдастыруына көмектесетін кітапхана қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Кітапханалар гарнизондардағы мәдени-демалыс орталықтарында, әскери бөлімдерде, әскери жоғары оқу орындары мен колледждерде жұмыс істейді. Әскери қызметтен кейін жоғары оқу орнына түсуге ниеттілер де назардан тыс қалмайды. Олар үшін srochnik.gov.kz сайтында Okulyk.kz электрондық ресурсына орналастырылған мектеп пәндері материалдарына қолжетімділік ұйымдастырылған.

Әскери жоғары оқу орындары мен колледждерде мамандық бағытына сай арнайы оқу әдебиеттерінің қоры жинақталған. Жаңа үрдістерді ескере отырып, білім беру ұйымдарының кітапханалары оқу құралдарын есепке алу мен сақтауды автоматтандыру бағытында үлкен жұмыс атқарып келеді.

Бұдан басқа Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жұмыс істейтін Әскери-ғылыми кітапханада ерекше кітап қоры қалыптасқан. Онда ғылыми, әскери-тарихи, анықтамалық және көркем әдебиеттің жеті мыңнан астам данасы бар. Мұндай бай қорды жинақтауға Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларындағы бейінді мекемелер, Ұлттық академиялық кітапхана, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің кітапханасы және басқа да ұйымдар атсалысты.

 Аталған мекеме ғылыми-зерттеу, сақтау, көрме және ағартушылық қызмет атқара отырып, бай кітапхана қорына және ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Әскери-тарихи кітапхана өз жұмысында лицензияланған автоматтандырылған есеп жүйесін қолданады. Онда екі мыңнан астам басылым тіркелген.

Бір қарағанда көзге еленбейтін кітапханашылар еңбегі армияның зияткерлік әлеуетін арттырып, жеке құрамның білім деңгейін көтеруге зор үлес қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1093158?lang=kk