Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған іс-шара өтті

24.10.2025 18:32:54 214

Алматы, 2025 жылғы 24 қазан – «UN Plaza» ғимаратында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің басшысы Жәнібек Әбдрашов, Қазақстан Республикасының бұрынғы сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұнғыш тұрақты өкілі Ақмарал Арыстанбекова, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ Өңірлік кеңсесінің директоры (UNESCO) Амир Пирич, сонымен қатар дипломатиялық корпус, БҰҰ агенттіктері, академиялық орта және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар БҰҰ-ның мерейтойына арналған халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерін қарастырды. Өз сөзінде Ж.Әбдрашов Қазақстанның көпжақты дипломатияны дамытуға қосқан үлесін және БҰҰ қағидаттары мен мақсаттарына бейілділігін атап өтті. Сондай-ақ ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының соңғы сессиясында айтылған халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті және орнықты дамуды нығайтуға бағытталған бастамаларын да атады.

Ерекше назар Алматыдағы Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Өңірлік орталығына аударылды.

Сондай-ақ БҰҰ мерейтойын атап өту шеңберінде Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп «Көк-Төбе» телемұнарасына БҰҰ-ның тақырыптық графикасы орналастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1093152?lang=kk