Республика күніне орай Консулдық бөлімнің жұмыс күні ауыстырылады

Республика күніне орай Консулдық бөлімнің жұмыс күні ауыстырылады

24.10.2025 19:31:54 165

Құрметті келушілер, қонақтар және Қазақстан азаматтары!

2025 жылғы 25 қазанда атап өтілетін «Республика күні» мемлекеттік мерекесі сенбіге сәйкес келіп отыр. Қазақстан Республикасының «Мерекелер туралы» Заңына сәйкес, демалыс күні дүйсенбі – 27 қазанға ауыстырылды.

Осыған байланысты, 27 қазан күні ҚР Португалиядағы Елшілігінің Консулдық бөлімі құжаттарды қабылдамайды.

Біз өз жұмысымызды 2025 жылдың 28 қазанынан бастап жалғастырамыз.

Төтенше жағдайлар туындаса, жедел желі нөміріне хабарласуға болады: (+351) 911 742 779

***

Осы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймыз!

Елімізге бейбітшілік, өркендеу және тұрақты даму тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-lisbon/press/news/details/1093206?lang=kk