Алматы облысы мен Оңтүстік Корея агросалада бірігеді!
24.10.2025 21:02:25 171
Бүгін облыс әкімдігінде өткен кездесуде Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев пен Кореяның Санджу қаласының әкімі Кан Ен Сок ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы серіктестікті талқылады.
Алматы облысы – агроөнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан өңір. Мұнда 400 мың гектардан астам жерге түрлі дақыл егіледі, жылыжайлар көлемі 79 гектарға жеткен
Корея делегациясы өз еліндегі «ақылды ферма» жобасын таныстырып, заманауи технологияларды біздің өңірде де енгізуге қызығушылық білдірді
Кездесу нәтижесінде екі ел ауыл шаруашылығы саласында жаңа жобаларды бірге жүзеге асыруға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1093233?lang=kk