Республика күніне орай әскери бөлімдерде Мемлекеттік туды көтеру рәсімдері өтті

Республика күніне орай әскери бөлімдерде Мемлекеттік туды көтеру рәсімдері өтті

25.10.2025 14:11:47 153

  

Мемлекеттің егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына байланысты Қорғаныс министрлігінің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде елдің тәуелсіздігі мен бірегейлігін айшықтайтын Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімдері өтті.

Мерекеге орай басшылық атынан қызметте ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен мерзімді қызмет сарбаздары алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.

Айтулы күні әскери бөлімдерде ашық есік күндері, Қарулы күштердің ардагерлерімен, жауынгерлік дайындықта үздік деп танылған әскери қызметшілермен, белгілі спортшылармен және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Бұдан бөлек патриоттық акциялар, тақырыптық кештер, әңгімелер, шеберлік сағаттары және әскерге шақырылатын жастардың қатысуымен спорттық іс-шаралар өтті.

Өңірлік қағида бойынша ұйымдастырылған «Туған жерім – айбыным» атты челленджі патриоттық әндерді орындаушыларға да, Telegram арнасындағы Қорғаныс министрлігінің парақшасынан бұл құттықтауды көргендерге де шабыт берді.

Өзге ұлт өкілдері «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты патриоттық челленджге қатысып, отандастарын мерекемен құттықтап, қазақ тілін жетік меңгергендерін көрсетті.

Қарулы күштерде концерттер ұйымдастырылып, әскери өнерпаздар Қазақстан халқының бірлігі, ел қорғаушылардың ерлігі мен батырлығын айқын да әсерлі көрсете білді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1093394?lang=kk