РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
25.10.2025 14:32:23 227
Республика күні қарсаңында Алматы облысында жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары белгілі болды. Бұл күн – елдің тәуелсіздігі мен жаңа бастамалардың символына айналған мереке ғана емес, өз арманы мен идеясын жүзеге асыруға ұмтылған жастар үшін де ерекше сәт болды.
Жоба биыл да өңір жастарының арманын жүзеге асырып, жаңа идеялардың қанаттануына мүмкіндік беріп отыр. Грант иегерлері түрлі бағыттар бойынша іріктеліп, өздерінің әлеуметтік, мәдени, ғылыми және инновациялық бастамаларын қорғады. Қатысушылардың жобалары қоғамның өзекті мәселелерін шешуге, жастарды дамытуға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған.
Жеңімпаздардың қатарында:
– Талғатқызы Айзере – мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке оңалту жабдықтары мен ойын кешендерін шығару жобасы;
– Зікір Пернегүл Кемелханқызы – «SabiSPA» гидромассаж және босансу орталығы;
– Яньбаева Айнұр Әлімбайқызы – «Өнерім–мұрам» атты ұлттық нақыштағы сурет жобасы;
– Жұмағали Аружан Әбілбекқызы – қазақ музыкасын цифрлау және балаларға домбыра үйрету;
– Төленева Жанерке Қайратқызы – Narestem AI жүкті әйелдердің жағдайын бақылауға арналған жасанды интеллект;
– Хабылбек Абуxали – RobotTime ауыл балаларына робототехника үйрету жобасы;
– Исадуллаева Алянура Мұптулламқызы мен Айдархан Жансая Нурданғалықызы – биогумус өндіру кәсібі;
- Нарузова Наргиза - экологиялық бағыттағы «Жасыл болашақ» жобасы;
– Иманмәди Мөлдір – «Журналист – жау емес» медиа жобасы;
– Өнербекқызы Нұргүл – «Медиа сауат» бастамасы бар.
Биылғы гранттың ерекшелігі – тек дарынды ғана емес, өмірлік қиындықтарға қарамастан өз арманынан бас тартпаған жастардың жеңісінде.
Жеңімпаздардың бірі, Қонаев қаласындағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Наргиза Нарузова өз әсерімен бөлісті:
«Бұл грант мен үшін үлкен мүмкіндік. Менің “Жасыл болашақ” жобамның мақсаты – экологиялық мәдениетті дамыту, балалар мен жастарға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру. Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде ел дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Ал дәл Республика күнімен тұспа-тұс келуі – мен үшін ерекше мәртебе», – дейді жас жобалаушы.
Салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев жас жеңімпаздарды мерекемен құттықтап, оларға сәттілік тіледі:
«Республика күні – елдің еркіндігі мен жаңару рухының символы. Ал бүгінгі грант иегерлері – осы тәуелсіз елдің болашағы. Сіздердің идеяларыңыз қоғамға серпін беріп, жаңа Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосады деп сенемін», – деді өңір басшысы.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты – жастардың жаңа бастамаларына серпін беріп, елдің ертеңіне үлес қосатын ұрпақ қалыптастыруды мақсат етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1093404?lang=kk