Алматы облысында Республика күніне орай үш жаңа нысан ашылды
25.10.2025 14:32:27 183
Ұлттық мереке қарсаңында Алматы облысында өткізілген үш маңызды нысанның ашылу рәсімі өткізілді. Олардың қатарында Жамбыл ауданындағы Мәтібұлақ ауылында бой көтерген Мәдениет үйі, Талғар қаласында ашылған жаңа музыкалық мектеп, және Іле ауданындағы жоғары беріктікке ие ультражұқа жабыны бар демонстрациялық жол учаскесі бар.
Жамбыл ауданының Мәтібұлақ ауылында – жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді.
Ауыл өмірінің жүрегіне айналып үлгерген мәдени ошақта алғашқы концерттер мен кездесулер өткізіліп те үлгерді.
Талғар қаласында – заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа музыкалық мектеп дарынды балаларымызға өз есігін айқара ашты.
Іле ауданында – елімізде алғашқы болып ультражұқа жабыны бар демонстрациялық жол ашылды.
«Алматы – Шелек – Хоргос» бағытындағы бұл заманауи жол халықаралық «Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің бөлігі.
Жаңа PG100 технологиясының арқасында жол қабаты төселгеннен кейін небәрі 30 ішінде көлік қозғалысын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Аталған үш нысан облысымыздың дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың жарқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1093403?lang=kk