Мерекелік «Мәңгі ел» концерті: «Қарлығаш» және «Құрбылар» хореографиялық қойылымының тұсаукесері өтті

Мерекелік «Мәңгі ел» концерті: «Қарлығаш» және «Құрбылар» хореографиялық қойылымының тұсаукесері өтті

26.10.2025 14:51:13 176

«Астана Балет» театры сахнасында, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Республика күніне арналған мерекелік «Мәңгі ел» концерті өтті. Концерт бағдарламасы ұлттық музыка мен би өнерінің үздік туындыларын бір арнаға тоғыстырды.

Кеште «Ұлы Дала мұрасы» бағдарламасына енген «Қарлығаш» және «Құрбылар» хореографиялық миниатюраларының премьерасы өтті. Бұл туындылар алғаш рет көрермен назарына «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен ұсынылды.

«Қарлығаш» хореографиялық миниатюрасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти Қазақ КСР-нің халық әртісі Ахмет Жұбановтың музыкасына қойды. Ал сахналық костюмдерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Жұмағалиев әзірлеген.

Сол сияқты, Айгүл Тәти қойған «Құрбылар» хореографиялық композициясы композитор Ілияс Ходжабековтің музыкасына қойылды. Костюмдердің авторы – Мүсілім Жұмағалиев. Қойылымда жастық шақтың еркін рухы мен албырт көңілі сипатталып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1093578?lang=kk