Ернұр Жәутікбаев Сауда комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды
28.10.2025 16:01:54 222
Ернұр Бөкенбайұлы Жәутікбаев ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің бұйрығымен Сауда комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Ол осыған дейін Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Ернұр Жәутікбаев 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер мамандығын, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Алмалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. ХҚКО жүйесінде үш жылдан астам қызмет етіп, Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО директорының орынбасары қызметіне дейін жеткен.
2011 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппаратына жұмысқа ауысып, Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы болып ауысты.
2012 жылы Алматы қаласы аумақтық жер инспекциясының мемлекеттік инспекторы.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінде Персоналды басқару қызметінің бас сарапшысы болды.
2014 -2016 жылдары – Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы.
2016-2018 жылдары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Кадрлық ресурстарды дамыту басқармасының басшысы.
2018-2019 жылдары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары.
2019-2021 жылдары - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2021-2023 жылдары - Павлодар облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысы.
2023 жылдан осы уақытқа дейін ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1094325?lang=kk