Алматыда зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада «Ашық есік күні» өтті

Алматыда зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада «Ашық есік күні» өтті

28.10.2025 19:22:55 143

Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада  дәстүрлі «Ашық есік күні» өтті.

Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, студенттер, әлеуметтік және медициналық мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және оқырмандары қатысты.

Ашық есік күні аясында «Ерекше жандарға ерекше кітаптар» және «ҚР тарихи және мәдени ескерткіштері» тақырыптарында тактильді кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушыларға Брайль баспаханасының жұмысы таныстырылып, жайпақ баспадан брайль қарпіне аудару, аудиокітаптарды редакциялау және басып шығару жұмыстары көрсетілді.

Библиография және тифлология бөлімдерінің қызметкерлері оңалту кабинетін таныстырып, ерекше форматтағы «Саусақ ұшындағы әлем» атты іскерлік ойындарын өткізді.

Сонымен қатар, «Шу өңірінің қос ақыны» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері ұйымдастырылды. Іс-шара барысында зағип жандардың күнделікті өмірі мен рухани әлемін бейнелейтін мотивациялық бейнематериалдар көрсетілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1094609?lang=kk