Қазақстан Республикасының күні Ливанда аталып өтті
29.10.2025 16:00:52 14324 қазанда Қазақстанның Ливандағы Елшілігі Қазақстан Республикасының күніне арналған қабылдау ұйымдастырды. Іс-шараға министрліктер мен ведомстволардың басшылары, парламент депутаттары, дін өкілдері, бизнес, ғылым және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ шет мемлекеттердің елшілері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Басты қонақтар қатарында Ливан Республикасының Президенті Жозеф Аунның өкілі ретінде Әкімшілік реформалар жөніндегі министр Фади Макки және Бейрут қаласының губернаторы Маруан Абуд болды.
Қабылдау барысында Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы құттықтау сөз сөйлеп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық жетістіктерін атап өтті. Қонақтар қазақ мәдениетінің ерекшеліктерімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татты. Кештің жылы рухы достық қатынастарды нығайтуға ықпал етті. Іс-шара ливан қоғамының Қазақстанға, оның тарихына, мәдениетіне және қазіргі бастамаларына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетті. Бейрут қаласында өткен дипломатиялық қабылдау Қазақстанның жағымды бейнесін ілгерілетуге және екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға елеулі үлес қосты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-beirut/press/news/details/1095164?lang=kk