Тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарды мемлекеттік тіркеу ережелері
29.10.2025 17:11:07 103
Тракторлар мен олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, сондай-ақ оларға арналған тіркемелерді (арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді қоса алғанда), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен жоғары өтімді арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу — міндетті рәсім болып табылады. Бұл талап техниканың қауіпсіз және заңды пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, тіркеуге жатады:
- барлық типтегі тракторлар;
- тракторлар негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер;
- тіркемелер мен жартылай тіркемелер, оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелер;
- өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары;
- жоғары өтімді арнайы машиналар.
Мемлекеттік тіркеуді техникалық қадағалау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Тіркеу үшін меншік иесі төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1.белгіленген нысандағы өтініш;
2.жеке басын куәландыратын құжат (немесе заңды тұлға болса, тіркеу құжаттары);
3.меншік құқығын растайтын құжат (сату-сатып алу шарты, қабылдау-тапсыру актісі, шот-фактура және т.б.);
4.машина паспорты (техникалық сертификат);
5.мемлекеттік баж төленгенін растайтын түбіртек.
Техниканың техникалық талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін оған мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі және тіркеу туралы куәлік пен нөмірлік белгі тапсырылады.
Белгіленген тәртіппен тіркелмеген техниканы пайдалануға тыйым салынады. Тіркеу ережелерін бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа тартылады.
Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы)
өтініштерін қабылдау:
1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1095250?lang=kk