Маңызды жаңалық!

Маңызды жаңалық!

29.10.2025 20:51:22 277

31 қазанда Шымкент прокуратурасында «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы өтеді!

«Халық заңгері» акциясы аясында кез келген адам тегін заңгерлік кеңес алып, мемлекеттік қызметкерлермен тікелей байланыса алады.

Шара 31 қазан күні сағат 17:00-де «Көрме» көрме орталығында өтеді.

Мемлекеттік органдар, жетекші заңгерлер мен адвокаттар азаматтарды қабылдауға және кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге дайын болады. Кіру тегін. Толығырақ және нақты кеңес алу үшін өз ісіңізге қатысты құжаттарды әкеліңіз.

Мекен-жайы: Н.Назарбаев даңғылы, No12.

Шараны прокуратура, Шымкент қалалық әділет басқармасы, мемлекеттік органдар, Zakon.kz интернет-басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, Қазақстанның жетекші заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастырып отыр.