Алматы облысының медициналық ұйымдары басшылары арасындағы мини-футбол турнирінің қорытындылары
30.10.2025 09:31:17 103
2025 жылғы 25 қазан күні Алматы облысының медициналық ұйымдары басшылары арасында Қазақстан Республикасының күніне арналған мини-футбол турнирі өтті.
Іс-шара достық әрі спорттық рухта өтіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің кәсіби ынтымағын, командалық бірлігін және тамаша спорттық дайындықтарын көрсетті.
Жүлдегер командалар:
1. 1-орын — «Алатау» командасы
2. 2-орын — «Іле» командасы
3. 3-орын — «Жетісу» командасы
Жеке номинациялар:
• «Алтын доп» иегері — Батиев Диас, Талғар орталық аудандық ауруханасының (ОАА) қызметкері.
• Үздік қорғаушы — Телеубеков Жансерік Әлімханович, Алматы облыстық Қан орталығының қызметкері.
• Үздік қақпашы — Қабылжан Еркебұлан Аманұлы, Алматы облысы Денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығының (ННЦРЗ) ақпараттандыру бөлімінің бастығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1095504?lang=kk