Ақтөбе облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті
30.10.2025 18:10:46 145
Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманованың облыс тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесуге қоғамдық кеңестердің мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Басқосу барысында азаматтық қоғамды дамыту, жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және жергілікті бастамаларды іске асырудың перспективалары секілді өзекті мәселелер талқыланды.
Іссапар аясында вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының Азаматтық орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында үшінші сектор қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, азаматтық белсенділік инфрақұрылымын дамыту және жергілікті үкіметтік емес ұйымдарды қолдау тетіктерін кеңейту мәселелері көтерілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1096243?lang=kk