Қазақстан Елшісі таэквондодан Пәкістанның университетаралық чемпионатына құрметті қонақ ретінде қатысты
30.10.2025 18:50:54 170
Исламабад, 2025 жылғы 30 қазан – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Е.Қыстафин таэквондодан Пәкістан университетаралық чемпионатына құрметті қонақ ретінде қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Елші Қазақстан спорттық дипломатияны дамытуға, Пәкістанмен спорт саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлетінін хабарлады.
Бүгінгі таңда спорт федерациялары деңгейінде өзара іс-қимыл белсенді дамып келеді.
Елші турнир қатысушыларына сәттілік пен жеңіс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1096306?lang=kk