ҚР ПИР-дағы Елшісі Е.Қыстафин Хайбер-Пахтунхва провинциясына жұмыс сапары туралы
31.10.2025 08:02:32 114
Хайбер-Пахтунхва провинциясы, 2025 жылғы 29 қазандағы – Қазақстан Елшісі Е.Қыстафин Хайбер-Пахтунхва провинциясына жұмыс сапарымен барып, Ғұлам Исхақ хан атындағы инженерлік ғылымдар және технологиялар институтының басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу аясында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту болашақ жоспарларын талқылап, GIKI-дің бірқатар Қазақстан университеттермен («Нархоз», «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ», «назарбаев университет» және «Астана IT университеті») байланысының артып келе жатқанын, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен іс-шараларды қанағаттанушылықпен атап өтті.
Студенттер алдында сөз сөйлегенде Елші Қазақстан-Пәкістан екіжақты ынтымақтастығының ағымдағы күн тәртібі, жоспарланған сапарлар мен оның ішінде білім беру саласындағы жобалар туралы айтып берді.
Сол күні Елші Пешавар қ. Сауда-өнеркәсіп Палатасының басшылығымен және мүшелерімен келіссөздер жүргізді. Қазақстан мен Пәкістанның іскер топтарының қатысуымен өткен және жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді. Көлік-логистикалық дәліздерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып, екі елдің көлік ведомстволары жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Елші аталған провинция кәсіпкерлерін ҚР-ға келуге және Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы сауда және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыру және әртараптандыру үшін алдағы іскерлік форумдарға белсенді қатысуға шақырды.
Қазақстан Елшісі Президент Салим Сайфулла Хан мырзаға және Хабил Ахмет Хан мырзаға Хайбер-Пахтунхва провинциясына сапарды ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1096345?lang=kk