Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы
01.11.2025 14:10:41 62Астана, 2025 жылғы 1 қараша – Иран тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында А.Аракчи қазақ әріптесін министр лауазымына тағайындалуымен және Республика күнімен құттықтады.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Иран ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастарды одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге өз ұмтылыстарын растады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер алдағы биік және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесін қарастырып, белсенді саяси диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1097356?lang=kk