«Ислам ғалымдары: Адамзат тарихына Әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты кітаптың салтанатты түсаукесері өтті
03.11.2025 16:21:37 28
Рабат, 2025 жылғы 23 маусым – Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) штаб-пәтерінде «Ислам ғалымдары: Адамзат тарихына Әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты кітаптың салтанатты түсаукесері өтті.
Кітапта 2023 жылғы 11-12 қазанда Қазақстаның Мароккодағы Елшілігі мен ИСЕСКО Рабатта ұйымдастырған «Адамзат тарихына Әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты 1-ші халықаралық конференциядағы жұмыстар жарық көрді.
Ислам әлемінің университеттері басшыларының 6-шы форумы аясында орын алған салтанатты іс-шарағ ислам елдерінің министрлері, университет ректорлары, ғалымдар, дипломатиялық корпус мүшелері және т.б. қатысты.
ИСЕСКО Бас директоры Сәлім Әл-Мәлік, Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев құттықтау сөзін сөйлеп, Әл-Фараби еңбектерінің әлемдік маңыздылығына тоқтап өтті.
Қатысушылар 2025 жылы Әл-Фарабидің 1155-жылдығы атылып өтілуіне орай, «Адамзат тарихына Әл-Фарабидің қосқан үлесі» атты 2-ші халықаралық конференцияны Қазақстанда өткізуге ұсыныс білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1097992?lang=kk