«Қамқор» облыстық рейд

«Қамқор» облыстық рейд

04.11.2025 16:50:30 111

Облыстық «Қамқор» рейді шеңберінде мүдделі мемлекеттік құрылымдар өкілдерінің, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, сондай-ақ ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Рейд барысында қатысушылар ювеналды полиция тобында есепте тұрған отбасыларға барды. Барудың мақсаты-кәмелетке толмағандардың өмір сүру жағдайларын тексеру, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету.
Қараусыз қалудың, құқық бұзушылықтардың және отбасылық қолайсыздықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Комиссия мүшелері ата-аналармен және балалармен әңгімелесу өткізді, мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SARAN Today (@saran_today)

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1098782?lang=kk