Сұйытылған газ баллондарын пайдаланудың қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы
04.11.2025 18:00:26 132
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Қостанай қаласының Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп «Көп пәтерлі тұрғын үйлерде сұйытылған газы бар тұрмыстық баллондарды қауіпсіз пайдалану ережелерінің талаптарын сақтау» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында жадынамалар таратылып, сұйытылған газ баллондарын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндірілді.
Мақсат – газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1098889?lang=kk