Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуді реттеудің  кейбір мәселелері туралы

Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуді реттеудің  кейбір мәселелері туралы

04.11.2025 19:10:29 145

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан көліктің барлық түрлерімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізіледі:

 

ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7404 00 - мыс қалдықтары мен сынықтарын, 7602 00 - алюминий қалдықтары мен сынықтарын, 7802 00 000 0 - қорғасынның қалдықтары мен сынықтарын, 8549 11 000 0 - қорғасын аккумуляторлардың, істен шыққан қорғасын аккумуляторлардың қалдықтары мен сынықтарын, 8549 12 000 0 - құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы бар өзгелерін, 8549 13 000 0 - химиялық типі бойынша сұрыпталғандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 14 000 0 - сұрыпталмағандарды және құрамында қорғасыны, кадмийі немесе сынабы жоқтарды, 8549 19 000 0 - өзгелерін;

 

Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері автомобиль көлігімен әкелінетін жылжымалы құрамның бұрын пайдаланылған элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8607 19 100 1 - бұрын пайдалануда болғандарды, 8607 19 100 9 - өзгелерін, 8607 19 900 9 - өзгелерін, 8607 21 100 9 - өзгелерін, 8607 21 900 9 - өзгелерін, 8607 30 000 0 - ілмектерді және өзге шынжыр құрылғыларын, буферлерді, олардың бөліктерін, 8607 99 800 0 - өзгелерін, 8607 29 000 0 - өзгелерін, 8607 12 000 - өзге де арбаларды қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 - қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын (шихта құймаларын), бұрын қолданыста болған теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның құбырларын, рельстерін, элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН 7302 коды – теміржол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдарды, рельстерді, қарсы рельстерді және тісті рельстерді, ауыспалы рельстерді, тұйық қиылыс айқаспаларды, ауыспалы штангаларды және өзге көлденең қосылыстарды, шпалдарды, түйіспе жапсырмалар мен төсемдерді, сыналарды, тірек тақталарын, ілгекті рельс бұрандаларын, төсемдер мен созғыштарды, тұғырларды, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7303 00 коды – шойынды құймадан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7304 коды – жіксіз, қара металдардан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (шойынды құймадан басқа), ЕАЭО СЭҚ ТН 7305 коды – дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 мм астам, қара металдардан жасалған құбырларды және өзге де түтіктерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 7306 коды – қара металдардан жасалған өзге де құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, ЕАЭО СЭҚ ТН 8607 коды – теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктерін, арбаларды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1098969?lang=kk