Қазақстан мен Сауд Арабиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Сауд Арабиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

05.11.2025 08:00:45 116

Рияд, 2025 жылғы 4 қараша – Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Қадағалау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Мазин Әл-Кахмуспен келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында екі елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттіктері арасындағы институционалдық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және тергеу бойынша тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Мадияр Меңілбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстан үшін басымдық болып табылатынын айтып, Сауд Арабиясының әріптестерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде, Мазин Әл-Кахмус Корольдік Қазақстанмен тәжірибе алмасуға мүдделі екендігін және мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету шараларының тиімділігін арттыру үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1098996?lang=kk