Димаш Құдайберген Мысырда өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Мысырда өнер көрсетеді

05.11.2025 15:30:58 16

Танымал «Arabesque International», «Sun Public Image», «Global Conference Management» компанияларының ұйымдастыруымен және Қазақстанның Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Мысырда өтетін «The Pyramids Echo» фестивалі аясында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің өнер көрсетуі жоспарланған.

Аталған фестивальдің өту кезеңі 24-30 қараша аралығын қамтиды. Өзінің ерекше алты октавалық диапазонымен танымал, «әлемдегі ең сирек дауыс иелерінің бірі» атанған Димаштың шығармашылық кеші фестивальдің ең әсерлі жабылу салтанатынмен ұштастырылмақ, яғни 30 қарашада өтеді деп күтілуде.  

Жалпы, алғаш рет өтетін «The Pyramids Echo» жобасы музыканы тек көңіл көтерудің құралы ретінде емес, тарихтың жаңғырығы, білімнің бастауы және болашақтың дәстүрі ретінде танытуды көздейді. Мысыр пирамидаларының аясында өтетін фестивальға әлем елдерінен келетін танымал әртісте өнер көрсетеді деп күтілуде.

Қосымша ақпарат:

Димаштың Мысырда өтетін концертіне билеттерді tazkarti.co/Dimash сілтемесі бойынша өту арқылы сатып алуға болады.

Маңызды. Ескеруді сұраймыз!

Осы ретте, 2025 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан азаматтарына қатысты Мысырға кіру үшін визалық режимге енгізілген жаңа талаптардың күшіне енгенін назарға саламыз.

Жаңа тәртіпке сәйкес: 21 жасқа толмаған қазақстандықтар ата-анасының біреуінің (әкесі немесе анасы) бірге жүруінсіз Мысыр аумағына кіре алмайды; 21 жасқа толған азаматтар Мысырға туристік сапармен барғанда, егер сапар тек Шарм аш-Шейх аймағымен шектеліп, 15 күннен аспайтын болса, визаны Шарм аш-Шейх халықаралық әуежайында рәсімдей алады; Каир, Хургада немесе Мысырдың басқа қалаларына баруды жоспарлаған азаматтар сапар алдында Қазақстандағы Мысыр Елшілігінен виза алуы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1099357?lang=kk