Пәкістандағы ҚР-дың Елшісінің «QazTrade» қолдауымен өткізілген қазақстандық компаниялармен онлайн кездесуіне
05.11.2025 16:40:44 117
Исламабад, 2025 жылғы 4 қараша - ҚР-ның ПИР-дағы Елшісі
Е.Қыстафин және «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» Қазақстанның Пәкістандағы сауда-экономикалық миссиясы қарсаңында Қазақстандық бизнес өкілдерімен «Пәкістанның іскерлік мүмкіндіктері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Кездесу барысында Е.Қыстафин Пәкістанның экономикалық әлеуеті, экономиканың негізгі салалары және олардың көрсеткіштері, биік және жоғары деңгейдегі өткен және алдағы іс-шаралар, сондай-ақ ү.ж. 29 сәуірінде Исламабадта өткен Қазақстан-Пәкістан Үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысының кейбір қорытындылары туралы хабардар етті.
Елші Қазақстанның бизнес-қоғамдастығын Пәкістанның іскер топтарымен байланысты белсенді дамытуға шақырды, халық тұтынатын тауарлар мен азық-түлік саудасы, ауыл шаруашылығы, химия және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, медициналық бұйымдар мен спорттық жабдықтар, фармацевтика, IT-инновациялар және білім беру сияқты салалардағы елеулі әлеуетті атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан дипломатиялық миссияның Басшысы Қазақстан мен Пәкістанды байланыстыратын халықаралық көлік дәліздерін қалыптастыру және нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ екі елдің бизнес өкілдері үшін визаларды ресімдеу мәселелері туралы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның Исламабадтағы Елшілігі мен Пәкістанмен бизнес-байланыс орнатуға қызығушылық танытқан отандық кәсіпкерлер арасында тікелей өзара іс-қимылды жолға қою жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1099451?lang=kk