Rәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті

Rәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті

05.11.2025 17:10:41 139

2025 жылғы 4 қарашада Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е. Ж. Нұрғалиевтің төрағалығымен 

Комиссия жұмысына Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл, құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ қалалар мен аудандардағы комиссия төрағалары қатысты.

Отырыс барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және қолдау, оларға атаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру көмегін көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, инклюзивті білім беруді дамыту, білім беру ұйымдарын арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету және педагогтарды даярлау маңыздылығы атап өтілді.

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында кәмелетке толмағандар арасында заңға бағынатын мінез-құлық пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік, ақпараттық-түсіндіру және мәдени-сауық жұмыстарын жандандыру қажеттілігі атап өтілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық шараларды жетілдіру, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін нығайту жөнінде тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1099520?lang=kk